Жұма, 01 Тамыз 2025 09:44

Түркістан қаласының әкімі темір-бетон және асфальт өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорынның жұмысымен танысты

Түркістан соңғы жылдары өндіріс пен шағын және орта кәсіпкерлік дамып келе жатқан жаңа экономикалық аймаққа айналып отыр. Қалада индустриялық инфрақұрылым дамып, отандық өнім өндірушілердің үлесі артуда. Осыған орай, шаһарда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыру, өндірістік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу - басты басымдықтардың бірі болып табылады.

Осы бағытта Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өндірістік нысандарды аралау барысында «Нұр Строй ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуатымен танысты. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын темір-бетон бұйымдарын шығарумен айналысады. Бүгінде өндіріс орнында жылына 10 000 дана жабын плитасын,30 000 дана темір-бетон тірегін және 50 000 тонна асфальтты сынды сапалы өнім шығарылады. Өндіріс орны қаладағы жол-құрылыс саласына қажетті материалдармен тұрақты түрде қамтамасыз етіп отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 72 мың дана өнім өндірген.

Қазіргі таңда кәсіпорында 164 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Нұр Строй ЛТД» ЖШС шығарған өнімдердің сапасы СТ-KZ ұлттық сертификатымен дәлелденген, бұл – өндірілетін материалдардың 100% отандық екенін және халықаралық стандарттарға сай келетінін айғақтайды. Қала әкімдігі өңірде индустриялық әлеуетті дамыту, құрылыс саласын қолдау және өндіріс ошақтарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Өндірістік мекеме өкілдерімен жүздесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы кәсіпорынның қызметін жоғары бағалап, отандық өнім үлесін арттыру, жұмыс орындарын көбейту және қала экономикасына қосар үлесін еселеу мәселелері алдағы уақытта да басты назарда болатынын атап өтті.

Бүгінде Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім байқалады. Өткен жылы облыс орталығының жалпы өңірлік өнім көлемі 421,7 млрд теңгені құраған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен дайындалған «Түркістан қаласының Ерекше мәртебесі» туралы Заң жобасы Парламент Мәжілісінде мақұлданып, шаһарға биыл наурыз айында ерекше мәртебе берілгені белгілі. Бұл заң киелі Түркістан қаласының одан әрі дамуына оң ықпал етпек. Облыс басышылығы жұмысты күшейтіп, тиімді жобаларды қолға алу керектігі жөнінде нақты тапсырмаларды берген.

Жалпы, Түркістан қаласында өндіріс орындарының саны артып келеді. Бүгінде қаладағы 180 гектар аумақта Арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Одан бөлек, 190 гектар жерде Индустриалды аймақ іске қосылған. Бұл аймақта 10,5 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Алдағы уақытта 19 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында бетон бұйымдарын жасау, есіктер шығару, битум өндіру, жұмсақ жиһаздарды жасау, әк өндіру сияқты жобалар бар.

Облыс орталығында халықты жұмыспен қамту шаралары да қарқынды жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жоспар 116,2 пайызға орындалған. Тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасады. Өткен жылы 961 пәтер пайдалануға берілсе, биыл 944 пәтерді ел игілігіне беру жоспарланып отыр.  Түркістан қаласын дамыту бағытындағы жұмыстар ары қарай да жалғасын табатыны сөзсіз.

Түркістан жалпы аумағы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 га, бүгінгі таңға жалпы құны 126 млрд.теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр. Сондай-ақ, жалпы аумағы 190 га құрайтын 1 индустриалды аймақ жұмыс істейді, бүгінгі күнде аймақта жалпы құны 10,5 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылған. Алдағы жылдары құны 15,8 млрд.теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жоба іске асыру жоспарлануда.

Шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны соңғы үш жылда 2 есе өсіп 22,2 мыңға жетті. Салада жұмыспен қамтылғандар 32016 адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,2%-ды құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі жалпы өңірлік өнім көлеміндегі үлесі 65%-ды құрайды. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 17,8 млрд.теңгеге жалпы 1 454 жоба қаржыландырылды. Өнеркәсіптік жобаларды қолдау мақсатында 450 млн.теңгеге 2 жоба қаржыландырылып 270 млн.теңгеге қосымша 3 жоба (қаржыландырылды. Сондай-ақ, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде бөлшек салық мөлшерін 4%-дан 2%-ға төмендетілді.

Жұмыспен қамту саласына келер болсақ, Түркістан қаласында еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша біраз жұмыстар атқарылып нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. 2024 жылы «Еңбек» бағыты бойынша 10 096 азаматты белсенді шараларға тартылып, жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдаужәне еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша 143 азаматқа мемлекеттік гранттар берілді, «Бастау бизнес» жобасы аясында 746 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша 117 адам сертификат алды, сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 369 адам қамтылды.

Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, Өткен жылы 2242 отбасыға (12984 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2023 жылмен салыстырғанда АӘК алушылар 30%-ға азайған. 2024 жылы кедейшілік деңгейі 5,6%-ды құрады.Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетіліп, өткен жылы 2,2 млрд.теңгеге 8179 құралдар алынып қолдау көрсетілді. 2025 жылы 2,5 млрд.теңгеге 9357 құралдар сатып алынып қолдау көрсетілетін болады.Сонымен қатар, зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен деңсаулығына оң жағдай жасау мақсатында ашылған «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» өткен жылы 4 883 адамға қызмет көрсеттіліп, қызмет алушылар 49%-ға артты. 2024 жылы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Отбасын қолдау орталығы» КММ ашылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары халыққа қолжетімді болу мақсатында қаламыздағы 26 әлеуметтік дүкендерге және 3 ірі сауда нүктелеріне әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлары тұрақты түрде жеткізіледі. Сонымен қатар, өткен жылы қаланың халық көп шоғырланатын аумағында 23 рет азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында күнделікті көтерме сауда базарларына ірі супер маркеттерке, жеке дүкендерге тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Түркістанда 4 мәдени нысан, 12 кітапхана, 3 театр, 5 музей қызмет атқарады. Қаладағы атауы жоқ көшелерге атау беруге үшін 2 көшеге республикалық онамастикалық комиссиясына ұсыныс енгізілді, алдағы уақытта тағы 10 көшеге ұсыныс енгізілетін болады.

Түркістанда 264 спорттық нысандар бар, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі көрсеткіші 73,7%-ды құрайды. Өткен жылы 39 ауқымды іс-шара өткізілді. Қалада бірқатар спорттық нысандармен толығуда Б.Саттарханов атындағы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілді, ауысымына 200 бала қабылдайтын 5 спорт кешенінің, спорт кешендері бар есу каналының, ипподром құрылысы жүргізілуде.

Түркістан қаласын дамытудың негізгі басым бағыты туризм. Салаға соңғы 2 жылда 74,2 млрд.теңге инвестиция тартылса, өткен жылы 61,9 млрд.теңге тартылды. 2024 жылы Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1,1 млн.адамға жетсе, оның ішінде шетелдік туристер 23,2 мың адамға жетті. Шаһарда жалпы 3048 төсек-орыны бар 1372 нөмірлік 68 орналастыру орындары тіркелген. Күлтөбе қалашығын абаттандыру жұмыстары, қолөнершілер қалашығы, ескек есу каналының құрылысы жүргізілуде, құрылыс жұмыстары аяқталса бұлда өз кезегінде қалаға келетін туристердің санын арттыруға мүмкіндік береді.

2024 жылы Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымының басшылары Түркістан қаласына іссапары ұйымдастырылып, қолөнер саласының даму потенциалы таныстырылды. 2025 жылы Түркістан қаласында «WCC International» ұйымы басшыларының басын қосып, Халықаралық қолөнершілер қаласы мәртебесі статусын алу бойынша іс-шара өткізу жоспарланып отыр. «Визит орталығы» ғимаратынан туристерге ақпарат беру орталығы ашылып, онда 3 тілді жетік меңгерген мамандар қызмет көрсететеді. Әуежай және темір жол вокзалынан ақпарат беру орталықтарын ашу жұмыстары жүргізілуде. Салаға алдағы жылдары құны 145 млрд.теңгені құрайтын, 955 жұмыс орнын ашуға мүкіндік беретін 13 жоба іске асыру жоспарлануда.

2024 жылдың 534 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 124,9 млрд.теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда, Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 579 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр. ұрғын үй кезегіне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3026 азамат шығарылды. Соңғы 3 жылда 7136 адам тіркелсе, 3686 адам кезектен шығарылды. 2025 жылы барлығы 944 пәтер берілетін болады. Сондай-ақ, «Отбасы банк» арқылы 58 тұрғын үйдің 3076 пәтері сатылды. 2025 жылға 2127 пәтерді құрайтын 30 тұрғын үй пайдалануға тапсыру жоспарлануда.Тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша Заң 2025 жылы 21 қаңтарында күшіне енді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз бір қатар санаттаға азаматтар ала алады.

Түркістан қаласы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2 нысанның (Айбергенов көшесі бойындағы 35-0,4 кв кабель желілерін салу; Бірлік 2 және жобадан тыс қалған 7 нысанды электрмен қамту) құрылысы жүргізілуде. 1 нысанның (Түркістан қаласындағы электр қондырғылары мен электр желілерін қайта жаңғырту) құрылысына ЖСҚ әзірленсе, Бекзат м/а «220/110/10 кВ 2х160 МВА қосалқы станциясы» нысанына ЖСҚ әзірленуде. Бұл өз кезегінде жаңадан ашылған ірі өндіріс орындарына және жаңа абоненттерді сапалы электрмен қамту мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні көгілдір отынды қала тұрғындардың 98,0% дербес шот ашып пайдалануда. Қаладағы жаңадан қоныстанған аумақтардағы тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 1 нысанға ЖСҚ әзірленуде.Қала тұрғындары ауыз су жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. Өткен жылы 2 нысанның ЖСҚ әзірленуде.

Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 36,5% қамтылған. Жалпы бүгінгі таңға 13 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде, өткен жылы 2 нысан (пайдалануға тапсырылды. Қосымша 3 нысанға ЖСҚ-сы әзірленуде. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 87% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, №1 сарқын су тазарту имаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қаланы жылумен қамтамасыз ету мәселесіне келер болсақ, бүгінгі таңда, 18 қазандықтан жалпы орталықтандырылған жылумен қамтылған 367 нысан бар. Оның ішінде, 223 көпқабатты тұрғын үй 144 әлеуметтік нысандармен, жеке және заңды тұлғалар орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуде. Қазіргі таңда қаладағы жылу беретін құбырлардың тозу деңгейі 30%-ды құрайды. Жылу жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2025 жылы 1 нысанның ұрылысы жүргізілетін болады. Нәтижесінде жылу құбырларының тозу деңгейін 10%-ға дейін төмендеуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 47,1 шқ құрайтын көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 45,4%-дан 50,3%-ға жетті. Алдағы жылдары 138,5 шқ құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, нәтижесінде асфальт жабындысы бар жолдардың ұзындығы 569,7 шақырымға жетіп, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 67,4%-ға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, қаладағы негізгі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қала аумағында бүгінгі таңда 2 жолдың және 2 көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 4 жолдың және 1 көпірдің құрылыс жұмыстарына ЖСҚ әзірленді. Қосымша 3 жолдың ЖСҚ әзірленуде.

Түркістан қаласында қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларда 2 тасымалдаушы мекеме сыйымдылығы жоғары 194 автобустармен қызмет көрсетеді.2024 жылы қалаға сыйымдылығы жоғары 38 автобус алынып, №4; 2; 9; 9А; 6; 6А бағыттарына қолданысқа берілді. Нәтижесінде қаламыздағы қоғамдық көліктердегі автобустар толық жаңартылып, жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 100%-ға жеткізілді.

2018 жылы 18,3%-ын құрайтын қаланың басты 161 көшесі түнгі жарықтандыру жүйесімен қамтылған болатын. Ағымдағы жылы 185 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 757 көшесі (938,4 шқ құрайтын) түңгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етіліп, қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 87,4%-ды құрады. 2025 жылы 58 көшеге жарықтандыру жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелердің үлесі 99,2%-ға жеткізу жоспарлануда. Қалада жалпы 574 аялдама қажеттілік болса, соның 374 аялдама жаңартылып орнатылды, 200 аялдама алдағы уақыттарда кезең-кезеңімен жаңартылатын болады.

Қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізілгені белгілі. Осыған сай жер аумағы 22370 га, Тұрғын аймақтар 4148 га-дан 6996 га; қоғамдық аумақ 609 га-дан 1739 га; өндірістік аймақ 330 га-дан 610 га; рекреациялық аймақ 1791 га-дан 5930 га ұлғаяды.

Алдағы уақыттарда қалада тағы бірнеше нысандар бой көтереді, олар Көрме орталығы, Этно-мұражай орталығы, Филармония, Балалар мен жасөспірімдер орталығы. Бүгінгі таңда қалада тұрғын үй салу үшін жер кезегінде 86404 адам тұр. Қала тұрғындарын тұрғын үй салу үшін жермен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 16,9 млрд.теңге болатын 300 га және 180 га аумаққа инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 2000 аса азаматқа жер телімі үйлестіріледі.

Түркістан қаласында көгалды аймақтарды күтіп-баптау жұмыстары жалпы 258 нысанның 626 га аумақта жүргізіледі. Күтіп-баптау жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі. 2025 жылы «Парасат» саябағын реконструкциялау жұмыстары аяқталады, сонымен қатар Айналма жол бойындағы Қабанбай батыр ескерткіші аумағын абаттандыру, Айналма т/ж мен Атабай т/ж аумағын абаттандыру, 10 жерден ойын алаңшаларын салу жұмыстары жүргізілетін болады. Түркістан қаласы аумағын көгалдандыру мақсатында қаланың жасыл қорын көбейту, қайта құру және дамыту үшін 2025 жылы қаланың негізгі аумақтарына 85 750 түп ағаш егілетін болады.

Жалпы қалада 875 көшеге тазалау жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде 112 көшеге күнделікті, 342 көшеге аптасына 2-3 рет, 421 көшеге аптасына 1 рет тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қалада негізгі тазалық жұмыстарын «Түркістан жарық тазалық» ЖШС жүргізеді, қосымша тұрғын үйлердегі тазалық жұмыстарына 7 жеке кәсіпкер қызмет атқарады. 2025 жылы тазалық жұмыстарына 1,3 млрд.теңгеге қосымша 25 арнайы техникалар сатып алынатын болады, сонымен қатар, тазалық жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің саны 600 адамға дейін көбейеді. Түркістан қаласы жыл басынан Республикалық «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 85 мың адам біріктірілді, 4 мыңнан аса еріктілер тартылды, 20 мың тонна қоқыс шығарылып, 150 мың түп ағаш отырғызылды және жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізіліп, 1562 азаматқа ескерту берілсе, 3411 азаматқа айыппұл салынды.

Түркістанда шешімін күткен өзекті мәселелер әлі де жеткілікті. Қаржыны көп қажет ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыруға қала бюджетінің мүмкіндігі шектеулі. Дегенмен, өз мүмкіндігі шеңберінде бірқатар мәселелерді шешіп, енді бірқатар мәселелерді жоспарлап, тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етуге жұмыс жасай береміз дейді қала басшылығы. Ауқымды жобалардың республикалық, облыстық бюджеттен қаржылануына қол жеткізу мақсатында жобалардың құжаттары мерзімінен кешіктірмей ұсынылған. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болмақ.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 23 рет