Ауқымды іс-шараның мақсаты – екі өңір арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және кәсіпкерлер арасында өзара тиімді әріптестік орнату. Форумға Түркістан облысынан өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін 50-ге жуық кәсіпкер қатысуда. Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, экспорт көлемін арттыру, логистикалық мүмкіндіктерді дамыту және шекара маңындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланады. Іс-шара аясында екіжақты B2B кездесулер ұйымдастырылып, өңірлердің инвестициялық және экономикалық әлеуеті таныстырылады деп жоспарланған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат