Жоба Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жетекші балмұздақ және мұздатылған өнімдер өндірушілерінің бірі саналатын «Шин-Лайн» компаниясының өндірістік желісін дамытуға бағытталған. Компания қазіргі таңда балмұздақтың 160-тан астам түрін, сондай-ақ сүт өнімдері мен мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіреді. Өндіріс орны іске қосылғаннан кейін өңірдегі қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, отандық өнім көлемін арттыруға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықпен қатар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Беларусь және Сауд Арабиясын қоса алғанда 10-нан астам елге экспортталатын болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат