Іссапардың екінші күні делегация Ташкент облысындағы Зангиата ауданының әкімі Эркин Рустамов және Орта Шыршық ауданының әкімі Ихтияр Қосимовпен бірге өндірістік кәсіпорындар мен өндірістік алаңдарды аралады. Өндіріс орындарының қызметі, заманауи технологияларды енгізу тәжірибесі және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы таныстырылды.
Кездесулер барысында өндіріс, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі, азық-түлік өндірісі және кәсіпкерлік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірлескен жобаларды іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілді. Атап айтқанда, көкжидек көшеттерін жеткізу, сыйымдылығы 500 тонналық тоңазытқыш кешенін орнату, қан өңдеу жабдықтарын сатып алу, 120 басқа арналған мал сою алаңының жабдықтарын жеткізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ агрохимиялық тыңайтқыштар өндіру, кондитерлік өнімдер шығару, гортензия көшеттерін өсіру және жиһаз өндірісіне арналған жабдықтарды жеткізу бағыттарындағы жобалар бойынша пікір алмасу өтті. Гортензия өсіру жобасы аясында алғашқы кезеңде 300 түп көшет отырғызу жоспарланып отыр.
Іссапар барысында кәсіпкерлер арасында іскерлік байланыстар орнатылды. Осыған байланысты 2026 жылғы 10 маусымда Сауран ауданында Орта Шыршық ауданынан 20 кәсіпкердің қатысуымен тәжірибе алмасу кездесуі өткізілді. Жұмыс сапары барысында көтерілген бастамалар мен жобалар алдағы уақытта тараптардың қосымша кездесулері барысында жан-жақты талқыланып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын тапты.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат