Жоба паспортына сәйкес, мал бордақылау алаңының жалпы аумағы 9,7 гектарды құрайды. Жоба аясында 14 өндірістік және қосалқы нысан салу жоспарланған. Инвестиция көлемі 1,1 млрд теңгені құрайды. Жоба толық іске қосылған жағдайда 42 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Құрылыс алаңын аралау барысында аудан әкімі жауапты мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және аудан экономикасының өсімін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат