Сенбі, 20 Маусым 2026 16:43

Сауран ауданы: Оранғай ауылдық округінде әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Оранғай ауылдық округінде тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында округ әкімі Берік Қуандық 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы саласында 2 941 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Егістік жерлерді игеру жоспары толық орындалып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты. Инфрақұрылымды дамыту бағытында ауыз су, газ және электр желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оранғай, Қосқорған және Бостандық елді мекендері орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар Оранғай ауылында ішкі газ жүйесінің құрылысы жүргізілуде.Кездесу барысында инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысына ерекше назар аударылды. Оранғай–Қосқорған бағытында жаңа мал бордақылау алаңының құрылысы басталып, алғашқы шаруашылықтар құрылыс жұмыстарын қолға алған. Сонымен қатар «Turan» арнайы экономикалық аймағында инвестиция көлемі 7 млрд теңгені құрайтын бір реттік ыдыс-аяқ өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда 65 жаңа жұмыс орны ашылады.

«China Energi LTD» компаниясы жүзеге асыратын күн электр станциясының жобасы бастау алды. Инвестиция көлемі 160 млрд теңгені құрайтын жоба аясында 500 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысына ерекше назар аударылды. Оранғай–Қосқорған бағытында жаңа мал бордақылау алаңының құрылысы басталып, алғашқы шаруашылықтар құрылыс жұмыстарын қолға алған. Сонымен қатар «Turan» арнайы экономикалық аймағында инвестиция көлемі 7 млрд теңгені құрайтын бір реттік ыдыс-аяқ өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда 65 жаңа жұмыс орны ашылады.Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлерді тыңдап, өзекті мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Аудан әкімінің айтуынша, Сауран ауданында шағын және орта бизнесті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның айтуынша, өңірде өндіріс, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылуда. Бұл бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тауар өндірушілердің өнімін өткізуге және ішкі нарықтағы бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді. Мақсат Таңғатаров мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерінің де аудан үшін маңызды екенін айтады. Мұндай жобалар арқылы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды жаңғырту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жергілікті экономиканың әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Сонымен бірге қазақстандық қамту үлесін көбейту, яғни аудан аумағында өндірілген өнім мен көрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайту – басты міндеттердің бірі екені жеткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде аудан әкімдігінің ресми интернет ресурстары мен әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы кәсіпкерлерге арналған қолдау шаралары, гранттар, жеңілдетілген несие, инвестициялық мүмкіндіктер және мемлекеттік бағдарламалар жөнінде тұрақты түрде ақпарат беріліп келе жатқаны да айтылды. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары тұрғындардың кәсіп ашуына, қолданыстағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға және жаңа бастамаларды іске асыруға жол ашады.

Аудан басшысы халықпен кері байланыстың маңызына ерекше тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты әрбір бастама жергілікті экономиканы нығайтуға, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға қызмет етуі тиіс.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 66 рет