Сейсенбі, 07 Шілде 2026 21:00

Отырар ауданы: 2026 жылдың алғашқы алты айындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалу қорытындылары қаралды

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібіне сәйкес алғашқы мәселе бойынша ауданның 2026 жылдың алғашқы алты айындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалу қорытындылары қаралды.

Бұл жөнінде экономика және қаржы бөлімінің басшысы Көлбай Асқар Жалғасбайұлы баяндама жасап, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалу барысы мен алдағы кезеңге қойылған міндеттерге тоқталды. Екінші мәселе ретінде ауданға инвестиция тарту жұмыстарының барысы қаралды. Аталған бағыттағы атқарылған жұмыстар мен іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы Оралбай Ержан Асанұлы баяндама жасап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Мәжіліс барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы баяндамалар бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, индикаторлық көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету, инвестиция көлемін ұлғайту және жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ барлық сала басшыларына берілген тапсырмалардың уақытылы әрі нәтижелі орындалуын қамтамасыз етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретін жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 165 рет