Алғашқы өнімді тамыз айының соңында жинау жоспарланып отыр. Өсірілген өнімдер Кентау қаласы, Түркістан облысы және Шымкент қаласының нарығына жөнелтіледі. Өнімді өсіру барысында табиғи әрі экологиялық таза биогумус тыңайтқышы қолданылуда. Бұл өнімнің сапасын арттырып, экологиялық тазалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған жоба «ИП Абдуллаев» және «ИП Буняд» шаруа қожалықтарының бірлескен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асырылып жатыр. Бірлескен кәсіп ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, жергілікті өнім көлемін арттыруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат