Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер бойынша 7000-ға жуық өтінім қабылданып, тұрғындардың өтініштері заң талаптарына сәйкес қаралған. Оның ішінде эскиздік жобаларды келісу, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру және пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу қызметтері көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Түркістан қаласының Дизайн коды талаптарының сақталуына ерекше мән берілуде. 8 тарау мен 118 тармақтан тұратын құжатта ғимараттардың қасбеті, сыртқы жарнама, көше навигациясы, жарықтандыру, қоршаулар және қалалық кеңістікті абаттандыруға қойылатын бірыңғай талаптар белгіленген. Бөлім басшысының айтуынша, қала аумағында орнатылатын сыртқы жарнамалар мен жаңадан салынатын барлық құрылыс нысандары Дизайн код талаптарына толық сәйкес болуы тиіс.
Түркістан өңірі соңғы жылдары тек рухани емес, экономикалық тұрғыдан да жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл бағытта аймақтың инвестициялық және туристік тартымдылығын арттырумен қатар, қалалардың көріктендірілуі мен заманауи урбанистік стандарттарға сай болуы да ерекше маңызға ие. Осындай кешенді жұмыстардың бірі – Түркістан қаласында жарнамалық нысандарды бірыңғай дизайн-кодқа сәйкестендіру жобасы. Бүгінде қаланың сәулеттік келбетін үйлестіру, ретсіз жарнамалардан арылу және бизнес нысандарының эстетикалық бірізділігін сақтау – қаланың экономикалық дамуына тікелей әсер ететін факторлардың бірі саналады. Себебі қаланың сыртқы бейнесі – оның инвестициялық мәдениетін, кәсіпкерлік ортаның сапасын және туристік тартымдылығын айқындайды.
Осы мақсатта Түркістан қаласында бекітілген дизайн-код талаптарына сәйкес түсіндіру және реттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Негізгі міндет – жарнама мен маңдайша үлгілерін бірыңғай стильде қалыптастырып, Түркістанның ұлттық нақыштағы заманауи бейнесін айқындау. Былтырғы жылы жүргізілген мониторинг пен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, 548 ретсіз орнатылған жарнама нысаны алынып тасталды, 308 маңдайша мен ақпараттық тақтайша жаңа дизайн-код талаптарына сай қайта орнатылды. Бұл тек көріктендіру шарасы емес – жергілікті кәсіпкерлердің жарнама мәдениетін арттыруға, ал қала үшін біртұтас экономикалық экожүйе қалыптастыруға бағытталған қадам.
Бірыңғай дизайн-код енгізілуі арқылы Түркістан қаласы туристер мен инвесторлар үшін тартымды орта қалыптастыруда. Себебі таза, эстетикалық жағынан реттелген қала бейнесі – инвестициялық сенім мен бизнестің дамуына ықпал ететін маңызды элемент. Осылайша, жарнамалық кеңістікті жүйелеу – Түркістанның экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуіне, шағын және орта бизнестің мәдениетті әрі тұрақты дамуына, сондай-ақ өңірдің брендтік бейнесін нығайтуға қызмет етуде. Бір сөзбен айтқанда, Түркістанның сәулеттік үйлесімі – бұл қаланың экономикалық мәдениетінің көрінісі және өңірдің тұрақты дамуының символы.
Түркістан қаласы алдыңғы жылы ерекше туристік мәртебеге ие болса, былтыр наурыз айында Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Осыған сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтап қалу үшін Түркістан қаласының аумағында тарихи нысандарға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар кесенені қорғау аймағында биіктігі 7 метрден асатын және оның шекарасынан 100 метр қашықтықта ауқымы, түсі мен құрылыс материалдары бойынша ескерткіштермен үйлеспейтін нысандар салуға рұқсат етілмейді.
Шаһар аумағында археологиялық ескерткіштердің резерваты құрылады. Қалада жайлы орта құру, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға инфрақұрылымдарды қолжетімді ету және инклюзивті туризмді дамыту маңызды бағытқа айналады. Бұл жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қаланы қолайлы әрі тартымды етуге мүмкіндік береді. Қаланың дамуын тиімді басқару үшін Түркістанның әкімдігі мен мәслихаты қосымша өкілеттікке ие болады. Сол арқылы шешімдерді қабылдау үдерісі жеделдейді, тарихи-мәдени нысандарды сақтауға бақылау күшейеді және қаланың бірыңғай дизайн коды енгізіледі. Өз кезегінде мемлекеттік бақылау қолөнер шеберлерін қолдауға, көлік транзитін реттеуге және қаланың тарихи бірегейлігін сақтауға ықпал етеді.
Түркістан қаласында туризмді дамыту жоспарына сәйкес, туристерге жайлы жағдай жасау арқылы 4 жыл ішінде келушілер саның бір миллион адамға жеткізу көзделген. Ең бастысы – өңірдің туристік деңгейін көтеру, салаға инвестиция тарту, эко-туризмді өркендету және емдеу-сауықтыру саласын ілгерілету бағыттарына басымдық берілген. Нәтижесінде облыс көлемінде былтыр қырықтан аса іс-шара өткізілді. Былтыр жыл басында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі облыс орталығының тағы бір туристік ғимаратпен толығатынын хабарлады. Ол бірнеше қонақүй мен дәмхана және көрме орталығы орналасатын, жиырмадан аса шеберге арнайы шеберхана берілетін қолөнершілер қалашығы. Сонымен қатар, 2024 жылдың басынан бастап Түркістан мен Әбу-Дәби арасында бағасы қолжетімді әуе рейсі ашылды. Аптасына бірнеше рет қатынайтын бұл рейстің де өңір туризмі мен экономикасына айрықша үлес қосатыны сөзсіз. Тиісінше, туризмді өңірлік деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде дамытуға да мүмкіндік ол болмақ. Осы рейс ашылғанда облыс әкімінің орынбасары Түркістанға келушілер саны жылына бір миллион адамға жеткенін, аталған салаға бес жыл ішінде 356 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылғанын, облыс орталығында жаңадан қырыққа тарта қонақүй салынғанын атап өткен еді.
Өңірдің туризмін шет мемлекеттерге таныстыру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Мысалы, 2024 жылы наурыздың басында Берлин қаласында өтетін дәстүрлі ITB Berlin 2024 көрмесіне түркістандықтар да қатысып қайтты. Делегация құрамындағы белді ұйымдардың өкілдері өңірдің туризмінен хабар беріп, туризм саласының әлеуеті жайлы түсіндірген. Сонымен бірге, Самарқандағы форумға да, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуына да Түркістан облысының өкілдері қатысты. Қазір Түркістан қаласында туризм бағытын ілгерілетіу үшін түрлі бастамалар қолға алынған. Жаңадан салынып жатқан нысандардың келбетіне, идеологиялық мәніне, сапасына қатаң бақылау жүргізіліп жатыр. Соның арқасында сәуір айындағы көрсеткішке сәйкес, өңірге табан тіреген шетелдік қонақтардың саны едәуір көбейген. Ірі жобалардың қатарында Қ.А.Ясауи кесенесі аумағындағы «Күлтөбе» қалашығы да бар. Облыс орталығында көлемі 11,8 гектарды құрайтын аумаққа аквапарк, вилла бой көтеретін 5 жұлдызды қонақ үй салу да көзделіп отыр. Аталған жобаның құны жүз тоқсан миллион АҚШ доллары.
Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық.
Айта кетсек, шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Бұл — Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары екенін көрсетеді. Тарихи туризмнің алтын ұясы десек те артық болмайды. Бүгінде республикамыздағы аудан, ауыл жастары спортпен шұғылдану үшін мектеп интернат-колледждерде білім алуы керек. Қазіргі таңда еліміз бойынша 20 аймақтың 12-інде спорт мектеп интернат-колледжі бар болса, қалған 8 өңірде жаңадан ашылатын болады. Осылайша, кемелді келешек иелері кәсіби спортқа тарту жолында игілікті істер жалғаса береді. Сонымен қатар, жыл сайын Түркістан облысының сауықтыру шипажайлары мен диспансерлеріне шамамен 50 мыңнан астам турист келеді. Жалпы алғанда, аймақта демалушыларға диагностикалық медициналық қызметтердің кең спектрін, нәтижелі емделуді және толық тыныштық пен тепе-теңдік жағдайындағы жанға жайлы демалысты ұсынатын 60-тан астам мекеме бар.
Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхат- тауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орын дары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризм ге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы – кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады.
Қаланың құрылыстық-сәулеттік мүмкіншіліктеріне келсек, қаланың орналасуы ендік бағытта созылып орналасқан. Оған себеп – облыс орталығымен және аймақтағы басқа да елді мекендермен жалғастыратын жол магистралдары мен Арыс-Түркістан су арнасының өтуі. Мұның өзі туризм саласына оң септігін тигізеді. Қазақстанның туризм саласын дамытудағы өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын кейбір сарапшылар сенімді түрде айтып жүр. Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болу ына қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Сол мүмкіндіктің бірі ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін айтуға болады.
Жылына келіп жатқан туристерге сапалы қызмет көрсететін мүмкіндік жасасақ, бұл қаланың экономикасына түсетін қаражат көлемі көбейе түсер еді. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр. Туризмнің дамуы, бірінші кезекте, саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуы на қатысты. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда туризмге мол мүмкіндік бар және соның нәтижесінде әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін.
Сол мүмкіндіктің бірі Түркістан аймағындағы тарихи байлықтар мен мәдени және рухани құндылықтарды сақтаудың қазіргі жағдайы кесенелер мен ежелгі мешіттерді және қалашықтарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе отырып, солардың негізінде тарихи, мәдени музей-қорықтарды қалыптастырумен сипатталады. Бүгінгі күні туристік индустрияны дамытуға ішкі және шетелдік инвестицияны тарту үшін елімізде барлық жағдай бар. Сондықтан аймақтағы инвестициялық тартымдылықты басқару мәселесі экономиканың тұрақты дамуы мәселесін шешуде өзекті болып табылады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат