Отырар ауданында алғашқылардың бірі болып бидай өсіруді қолға алған жергілікті кәсіпкерлер 4 жыл қатарынан тұрақты әрі мол өнімге қол жеткізіп келеді. Бидай дақылын егіп табысқа жеткен «Қарабала», «Төлеген», «Төребек» шаруақожалықтары биылғы өнім көлемі жоғары екенін айтуда. Жер бабын тауып, тұрақты нәтиже көрсетіп отырған диқандар науқанды қысқа мерзімде сапалы түрде аяқтауды жоспарлап отыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат