Сәрсенбі, 04 Қараша 2026 04:09

Кентаулық кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін ұлғайтқан

Кентау қаласында кәсіпкерлікті қолдау және өндіріс саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейтіп отырған жергілікті кәсіпкер Ратмир Аширбаевтың өндіріс орны.

Ратмир Маратұлы 2010 жылдан бері өндірістік шағын кәсіпті қолға алған. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейтуге қажетті техникалар мен жабдықтар сатып алған. Қала әкімінің қолдауымен Кентау қаласының индустриялық аймағынан 1,5 гектар жер бөлініп, кәсіпкер көптен жоспарлаған өндірістік цехын іске қосты. Қазіргі таңда кәсіпорында 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Орталықта токарлық, фрезерлік, тіс кесу, шынықтыру, бұрғылау және координаттық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Мұнда қара металдан бастап қажетті бөлшектерді дайын өнімге дейін өңдеуге мүмкіндік бар. Тапсырыстар Түркістан және Қызылорда облыстарынан да түсуде.Кәсіпкердің алдағы мақсаты – өндірістік цех жұмысын кезең-кезеңімен кеңейтіп, ауыл шаруашылығына қажетті техника мен қосалқы бөлшектер шығару бағытындағы өндірісті дамыту. Сондай-ақ өндірістік қуаттылықты арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 34 рет