Бейсенбі, 20 Маусым 2019 15:51

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында мақтанарлық тірлік көп

Мақтаарал ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты – шитті мақта өндіру. Өткен жылы бұл салаға қомақты инвестиция тартылды. Осының арқасында мақтааралдық мақташылар былтыр 96 мың 511 тонна «ақ алтын» жинап алды. 

Өткен жылы Мақтаарал ауданында 38 мың гектар жерге мақта дақылы егілді. Аудан аумағында атқарылған озық шаралардың арқасында аудан шаруалары жылды табыспен аяқтаған болатын.

Былтыр мақтавралдық диқандар  орта есеппен гектарынан 25 центнерден «ақ ұлпа» жинады. Биыл да шаруалар «ақ алтынннан» жоғары көрсеткішпен өнім алуды көздеп отыр. Ауданда  басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде атқарылған жұмыстар қарқынды.

Айта кету керек, бүгінде Мақтаарал ауданында 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл іс жүзеге асқан жағдайда 380 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылмақ. Осындай оңды тірліктер арқасында аудан ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 миллиард 113 миллион теңгені құрады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 944 рет