Сәрсенбі, 12 Маусым 2019 19:23

Түркістан облысы: Сарыағаштық кәсіпкер 1 гектар жерден 100 тонна өнім алады

Сарыағаштың жері құнарлы, халқы еңбекқор. Ауа райы да ауылшарушылығы өнімдерін өндіруге қолайлы. Ауданның диқандары аядай жердің өнімін алыс-жақын шет елге саудалайды. Еліміздегі ауылшаруашылығы саласындағы жылыжайдың 60%-ын осы Сарыағаш ауданы игеріп отыр. 

Қазір ауданда 635 гектар жылыжай бар. Биыл5 айда53 460 тонна көкөніс өткізіп үлгерген. Тек жыл сайын шаруалар тап болатын бір қиындық бар. Көкөніс пісер уақытта көрші Өзбекстанмен шекара ашылып, нарықты өзбек ағайынның өнімі жаулап алады. Бұл көкөністің бағасын түсіріп, диқандар шығынын ақтай алмай қалады. Биыл мәселе шешімін таппақ.

Бұл жөнінде Сарыағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Талипов былай дейді: «Ресейлік «Экокультура» компаниясымен «дөңгелек үстел» өткіздік. Шаруалардың өнімі енді Ресейге тікелей экспортталатын болады. Бұл сонша еңбектің зая кетпеуін қамтамасыз етеді. Сарыағаш ауданында осыған байланысты кооперация ашылады. Оған мүше болу шаруалардың өз еркінде».

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 835 рет