Дүйсенбі, 12 Тамыз 2019 17:54

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктер түсіндірілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасын» қалыптастыруымыз керектігі жөнінде айтқан-ды. «Қарапайым заттар экономикасын» қалыптастыру дегеніміз – бірінші кезекте сырттан келетін заттар санын азайтып, керісінше халық күнделікті тұтынатын азық-түлік, киім-кешек секілді тұрмыстық заттарды өз елімізде өндіру. Яғни сол арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтып, тұрмысын жақсартуға жол ашу. Осыған орай бүгінде ауданда тиісті шаралар қолға алынып, жұмыстар атқарылуда. 

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Аудан әкімінің орынбасары М.Жанесеннің төрағалығымен өткен кездесуге аудан кәсіпкерлері және өз кәсібін ашуға үміткерлер, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Кездесу барысында «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ филиалының сектор менгерушісі Алмаз Кәрімжанұлы Абжан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жайында ауқымды баяндама жасап, жеке кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1053 рет