Сәрсенбі, 14 Тамыз 2019 18:17

Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы түсіндірілді

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру бойынша жиын өтті. Жиынға ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары және ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Кездесуді Жетісай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев жүргізді. 

Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы АҚ» «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы несиелендіруді бастады. «Бұл бағдарлама 10 000 000 теңгеден бастап беріледі. Нысаналы мақсаты мал шаруашылығына және негізгі құралдарды сатып алуға, айналым қаражатын алуға болады» - дейді аталмыш корпорацияның Шымкент филиалы несиелендіру бөлімінің бас маманы Ғани Рахматуллаұлы.

Қосымша айта кететін тағы бір мәселе, несиенің мерзімі мал шаруашылығына және негізгі құралдарды сатып алуға 7 жыл, ал айналым қаражатын толтыруға 1 жыл, жеңілдік кезеңі негізгі қарызға 2 жыл, айналым қаражатын сатып алуға 1 жылға дейін беріледі. Мал шаруашылығына және негізгі құралдар сатып алуға несие 15 пайыз, субсидияланатын көлемі мал шаруашылығына және негізгі құралдарды сатып алуға 10 пайыз, ал айналым қаражатын толтыруға 5 пайыз, қарастырылған.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1075 рет