Бейсенбі, 15 Тамыз 2019 08:24

Түркістан облысы: Кентау қаласының Жүйнек ауылында кәсіпкерлік өрістеп тұр

Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылы тұрғындарының бүгінде тұрмысы түзеліп, тірлігі өрге басқан. Өйткені мұндағы жұрт мемлекеттік қолдаудың арқасында жаппай шаруашылыққа бет бұрғын. Соның арқасында екі қолға бір күрек тапқан ауыл азаматтары түрлі кәсіпті игеріп, игілігін көруде. 

Жүйнек ауылдық округінде 10 мыңнан астам халық тұрады. Мұндағы тұрғындардың басым бөлігі мал және егін шаруашылығымен айналысып, нәпақа тауып отыр.  Мемлекеттік бағдарлама негізінде жас мамандар жұмысқа орналасып, бірқатар отбасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген.

«Жалпы, Жүйнек ауылдық округінде жұмыспен қамту бөліміне 500-ден аса азаматтың өтінішін жолдадық. 200-ден астамы алды. Сол қаржыға қолы жеткендер мемлекеттің жәрдемін ұқсатып, тауық асырап, қалағанынша мал, сауынды бие алып жатыр» дейді Жүйнек ауылының әкімі Жолдас Мырзабеков. 

Ауылда 230-дан астам кәсіпкер бар. Шаруа қожалығының саны да күннен-күнге артып келеді. Шаруалар соңғы үлгідегі заманауи технологияларды қолдануға көшкен. Соның арқасында   тамшылатып суару, топырақты қопсыту сынды тың жұмыстарды игеріп, соның игілігін көруде.   

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1428 рет