Жәрмеңкеге 40-қа жуық тауар өндіруші 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін халыққа ұсынады. Атап айтқанда, ет және ет өнімдерінен – 52 тонна, көкөніс – 86 тонна, картоп – 11 тонна, сүт өнімдері – 23 тонна, бақша дақылдары – 48 тонна, жеміс-жидек – 21 тонна, балық – 5 тонна, әсел – 4 тонна және 25 тонна өзге де ауыл шаруашылығыны өнімдері бар. Олардың жалпы құны 123 млн. 545 мың теңгені құрайды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылымға түсетін болады.
Сондай-ақ «Қазақстанда жасалған» жобасы аясында Жетісай ауданынан «Улугбек» ЖК аяқ киім өнімдерін, Төлеби ауданы «Ленгер Текстиль» ЖШС арнайы жұмыс киімдерін, Сайрам ауданы «Алтын адам» ЖШС ерлер костюмдері мен мектеп киімдерін қала тұрғындарына қол жетімді бағада ұсынбақ.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.