Сәрсенбі, 30 Қазан 2019 14:10

Шымкент: Мемлекеттік сатып алулар бойынша 677 миллион теңге үнемделген

2019 жылдың мамыр айынан бастап Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан 52 электрондық конкурс жарияланған. Оған бөлінген қаржының жалпы құны 20 миллиард 34 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы басқарма басшысының міндетін атқарушы Балмейір Сансызбайұлы брифингте мәлімдеді. 

Балмейір Сансызбайұлының айтуынша, сәуірде құрылған мекеме құрылыс нысандарын салу, күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу бойынша 30 конкурс өткен. Көрсетілетін қызмет түрібойынша - 21 конкурс, тауарлар бойынша 1 конкурс ұйымдастырылған. Бүгінде жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Конкурс нәтижесінде анықталған жеңімпаздар саны – 50. Жалпы15 миллиард 57 миллион теңге игерілген.  Аталған мемлекеттік сатып алулар бойынша677 миллион теңге үнемделген.

«Осы басқарма құрылғаннан бері, яғни 2019 жылдың мамыр айынан бастап өткізілген конкурстар бойынша анықталған жеңімпаздар саны – 50. Жалпы сомасы 15 миллиард 57 миллион теңгеге жүзеге асырылды. Аталған мемлекеттік сатып алулар бойынша 677 миллион теңге үнемделді. Үнемделген соманың үлес салмағы 4,5 пайызды құрап отыр» дейді Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 964 рет