Жұма, 17 Сәуір 2020 12:03

Шардаралық шаруалар жылына 2-3 рет өнім алу технологиясын меңгеруде

Шардара ауданы әкімінің орынбасары Ағатай Тәженов және аудандық ауыршаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов: Достық, Ақалтын, Сүткент, Қызылқұм және Алатау батыр ауылдық округтерінде болды. Көктемгі дала жұмыстарының басталуына байланысты жергілікті шаруалармен кездесті.

Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Сапардың мақсаты- шаруаларды жеңілдетілген дизель отынымен, дақылды тұқым, су және мақта тұқымы (шит), оған қоса жерге қажетті тыңайтқыштардың жеткізілуін және субсидия мәселелерін түсіндіріп, өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз ету болды. Сонымен қатар, жылына 2-3 рет өнім алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қарап, мал шаруашылығының жай күйін бақылап, егістік жерлерді игеруге арналған техникалардың мүмкіндігімен танысты.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары А.Тәженов жергілікті шаруалардың сұрақтарына жеке-жеке жауап берді.

Айта кетейік, Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, 2019 жылы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алынған болатын. Нәтижесінде, 3 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, 39 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Оқылды 567 рет