Шымкентте бүгінде 4500 POS-терминал бар. Дегенмен әлі де қажетті құрылғыны орнатпай, қолма-қол төлем арқылы сауда жасап отырған кәсіпкерлер саны кемімей тұр. Қаладағы барлық сауда орындары мен дүкендерде банк карталары арқылы төлем жасалуы тиіс. Ескертуді елемеген кәсіпкерлерге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал шағын және орта бизнес өкілдеріне – 60, ірі бизнестегі заңды тұлғаларға 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал банк карталары жоқ тұрғындар үйден шықпай-ақ, кез келген банкке онлайн өтінім бере алады. Мамандар қазіргідей қиын кезеңде бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.