Айдың басында қаладағы қаржы ұйымдарының алдындағы ұзын-сонар кезек көпшілік арасында қобалжу туындатқан еді. Жалақы мен зейнетақы алуға келгендердің қарасы көбейіп, коронавирус қауіпін күшейтті. Алайда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары мониторинг жұмыстарын жүргізіп банк қызметкерлеріне талаптарды қатаңдатты. Нәтижесінде сақтық шаралары күшейтілді. Кезектің күтушілердің ара қашықтығын айқындайтын белгілер жасалды. Қаржы мекемелерінің кіреберісіне дезинфекциялық кілемшелер төселіп, санитайзерлер орнатылды. Банктерге тұтынушыларды арнайы тепловизормен тексеріп кіргізеді. Сонымен қатар нысан ішінде жұртшылықтың арақашықтықты сақтап тұруын мамандар қадағалап тұрады. Мамандар қазіргі таңда қаржы ұйымдарында коронавирус қаупі сейілгенін айтады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.