Өткен бейсенбі күні аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудан орталығы Майлыкент ауылдық округіндегі демеушілер есебінен механикалық тазалаудан өткен төменгі «Көкірек» каналының бүгінгі жағдайын өз көзімен көріп шықты.
Жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайтын канал аудан орталығының жоғарғы бөлігіндегі көшелерді ағынды сумен қамтамасыз етеді. Каналды механикалық тазалау жұмыстары техника баралатын тұсқа дейін техника күшімен, ал елді мекен ішіндегі бөлігі жұмысшылар күшімен іске асқан.
Аудан орталығындағы төменгі «Көкірек» каналынан жалғасатын арық-атыздар бойын аралап шыққан аудан әкімі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, аудан орталығындағы ағынды су бармай тұрған басқа да көшелердегі арық-атыздарды механикалық тазалаудан өткізуді тапсырды. Осылайша, Түлкібас ауданында үй іргелік жерлерге егін егу жұмыстары жандануда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.