Сенбі, 18 Сәуір 2020 17:46

Шымкент: көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанармай бағасы төмендетілді

Президент тапсырмасына сәйкес Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алуда. Тапшылық жоқ.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен жүздескен шаруалар осылай деді. Шымкентте ауыл шаруашлығы өндіріспен қатар дамып келеді. Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бер. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Агросервис «БМБ» ЖШС - қаладағы ең ірі қожалықтың бірі. Қала әкімі қожалық басшысына болашақта егістік алқаптарға заманауи суару қондырғыларын пайдалану керегін айтты. Шаруашылық жетекшісі қаржылай қолдау болса жаңбырлатып суару әдісімен аз жерден мол өнім алуға болатынын жеткізді. Мұрат Дүйсенбекұлы шаруаларға агроқұрылымда мейлінше заманауи қондырғыларды қолданып, тиімді жұмыс істеуге шақырды.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбековтың айтуынша, биыл инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асады. Оның ішінде 4 құс шаруашылығын кеңейту, 4 жылыжай құрылысы, 2 тауарлы сүт фермасы, 2 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, 1 қарқынды алма бағы, 1 ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, 1 сүтті қайта өңдеуді кеңейту, 1 мал бордақылау алаңын салу, 1 кондитерлік өнім өндірісі бар.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 399 рет