Сейсенбі, 28 Сәуір 2020 11:08

Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы кәсіпорындары арасында 3 экспорттық келісімге қол қойылды

Таяуда Өзбекстан Республикасы, Ургенч қаласында өткен "агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы" ІІ аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы кәсіпорындары арасында жалпы сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімге қол қойылды.

 Өңірде сондай-ақ экспортқа бағдарланған "Standard Petroleum" ЖШС мұнай өңдеу зауыты бой көтереді.  Жаңа зауыт Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2021 жылы іске қосылмақ. Экспорт көлемі жылына 2 млн ақш долларын құрайды деп күтілуде. Жоба ясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы құны 95 млрд. теңгені құрайды.

 Жалпы 2020-2021 жылдары өңірде экспортқа бағытталған 4 кәсіпорынды іске қосу көзделген. Олардың ішінде "Тұлпар Май" ЖШС (мақта майын өндіру, жобаның қуаты жылына 6 600 тонна, инвестиция сомасы 3,4 млрд.теңге), "JID&COM" ЖШС (бақша және жеміс-жидек өнімдерін терең өңдеу зауыты, жобаның қуаты жылына 400 тонна, инвестиция сомасы 0,2 млрд. теңге), "Ecoinvest" ЖШС (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, жобаның қуаты жылына 16 мың тонна, инвестиция сомасы 6,8 млрд. теңге), сондай-ақ "Standart Petroleum & Co" ЖШС (көмір-химия комбинатын өндіру, жобаның инвестиция сомасы 24 млрд. теңге) бар.

Айта кету керек, 2020 жылдың қаңтар-ақпанында Түркістан облысының экспорт көлемі 54,9 млн. АҚШ долларын (оның ішінде шикізаттық емес экспорт - 15 млн. АҚШ) құрады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Оқылды 478 рет