2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы инвестиция тарту қарқынының 138,5% көрсеткішімен ел көлемінде 2 орынға ие болды. Жалпы, былтыр өңірге 441 млрд.теңге инвестиция салынған.
Айта кету керек, биыл қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 185,9% құрап отыр.
Сондай-ақ, сыртқы инвестициялардың айтарлықтай өсуі байқалады. 13,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 87% - ға жоғары.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 1-тоқсанында облыстың негізгі капиталына 56,8 млрд.теңге бағытталған. Ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 141,3% -ға жоғары.
Қазіргі уақытта "Turkistan Invest" өкілдері Түркістан облысының экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвесторлық визаларды рәсімдеуде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
Компания аймақ инвесторларына жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.