Сәрсенбі, 29 Сәуір 2020 14:02

Түркістан: Жергілікті әлеуетті инвесторларды қолдау жұмыстары да жалғасуда

Түркістан облысында импорт алмастыру бағдарламасы шеңберінде жергілікті әлеуетті инвесторларды қолдау жұмыстары да жалғасуда.

Бұл бағытта "PerfoSystem Production & Co" ЖШС өнімдерін өткізуді қамтамасыз ету мақсатында оффтэйк келісім-шарт жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, ол пайдалы қазбаларды барлау үшін жарылғыш заттарды өндіру жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында 120 жұмыс орнын ашу және Түркістан облысының экономикасына 5,3 млрд.теңге инвестиция салу жоспарлануда.

"Asya Modern Sera" өндірістік жылыжайлар салумен айналысатын түрік компаниясы Түркістан облысының Келес ауданында голландтық технология бойынша ауданы 20 га өнеркәсіптік жылыжай салуды және 300 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Инвестицияның алдын ала сомасы - 8,8 млрд. теңге.

Жоғарыда көрсетілген жобалардан басқа "Turkistan Invest" тарапынан "Kablo Kastro" - төмен вольтты кабельдерді өндіру жөніндегі түрік компаниясы, сондай - ақ "Lindsay" американдық компаниясы-жаңбырлатып суару жабдықтарын өндіру сияқты басқа да әлеуетті инвесторлармен белсенді жұмыстар жүргізілуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 478 рет