Түркістан қаласында төрт 110 кВ және он 35 кВ қосалқы станция орналасқан. Негізгі тұтынушылар - коммуналдық шаруашылық объектілері. 35-110 кВ қосалқы станцияға белгіленген трансформаторлардың жүктемесі рұқсат етілген шектерде 16 МВт-да қосымша қуаттарды қосуға болады.
Түркістанда жалпы саны 36400 абонент электр есептегіш құралымен 100% жабдықталған. Оның ішінде атап айтатын болса:
Жеке тұлғалар – 35327 абонент.
Заңды тұлғалар – 1073 абонент.
Ал, орташа сағаттық тұтыну - 18,8 мВт/сағ құрайды.
Осыған орай,бүгінде электр желісінің қуатын арттыру және Отырар ықшамауданында қуаты 2х40 МВт болатын 110/10/10 кВ «Яссы» қосалқы станциясы салынуда.
Ал, инвестициялық бағдарлама аясында қалада 147 трансформаторға, яғни, 18766 абонентке АСКУЭ электр есептегіш құралы орнатылған.
⠀«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.