Ауданда жер жыртуға арналған техникалар жылдан-жылға көбейіп келеді. Тарқатып айтқанда, биылғы межеленген 45321 га жер толығымен айдалды. Бұған жалпы: 24 дана К-700 тракторы, 36 дана Т-150 тракторы, 1092 дана МТЗ-80-82 тракторлары, 39 дана ЮМЗ тракторлары, 110 дана ДТ-75 тракторлары, 998 дана тіркемелер, 978 дана тырмалар, 36 дана дән сепкіштер, 47 дана бүріккіштер және тағы басқа ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.
Сондай-ақ, техникалардың азығы саналатын дизель отынын жеткізу жұмысы толыққанды ұйымдастырылуда. Бұл бойынша Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада ауданға 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп, "Simyrg Trans Oil" ЖШС және "КазРосНефть" ЖШС операторлары арқылы тұрақты түрде жеткізілуде. Ал, көктемгі дала жұмыстарына арналған жанар-жағармай бағасы оператордың босату орталығынан 160 теңгені құрады.
Ауданда суармалы жерлерді ылғалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ауыл округтерінде орналасқан агро құрылымдар тарапынан «Казсушар» РМК ТФ филалымен ағын су алуға келісім шарттар жасалған. Сұранысқа сәйкес Қызылқұм магистралды каналы арқылы ағын су уақытылы босатылып, қазіргі таңда 28559 га жер ылғалдандырылды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.