Бұдан кейін аудан басшысы «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекетінің, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Нұршатемір» ЖШС-нің өнеркәсіптік жылыжайдың жұмысымен танысты.
Мал сою бекеті бүгінде Иран, Ресей, Өзбекстан елдерімен тығыз байланыс орнатқан. Құрылғылары да заман талабына сай. Аталған нысан 2 мыңнан 5 мың басқа дейін төрт түлікті қабылдауға қауқарлы. Жылқыға, қара малға, уақ малға арналған орындар қарастырылған.
Айтжан Одаманов басқаратын жылыжай қияр өнімін өсіру бойынша жұмыс барысын таныстырды.
Жұмыс сапарының оңында Ұ.Сәдібеков «#Nur_Otan» партиясының «#Bizbirgemiz» акциясы аясында Ақсукент ауылына соқты. Мұнда «#Қамқорлық» бағдарламасына енген екі отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіп, Ақсукент ауылы, «Экспедиция» аумағындағы шағын футбол алаңшасының құрылыс жұмыстарымен танысты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.