Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібеков Көлкент елдімекеніндегі жеке кәсіпкер "Бекнұрдың" есік терезе, темір қақпа жасайтын кәсіпорнын аралады.
ЖК "Бекнұр" темірден, ағаштан үйдің ішкі-сыртқы есіктерін, аула қақпаларын, көше жарықшамдарының бағаналарын жасауды қолға алған. Ондағы жұмысшылар қазан құйып, көше атауы, басқа да жазу жазылған тақтайшаларды ойып әзірлеумен айналысуда.
- Отбасылық кәсіпті бастау үшін жинаған қаражатымызды жұмсап, бірқатар станоктарды алдық. Енді осы кәсіпті дамытуға қолдау көрсетуіңізді сұраймын, - деді Бекмұрат Анарханұлы.
Аудан басшысы бүгінгі таңда 14 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар аясында тиісті қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін айтып өтті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.