Қазіргі таңда зауытта 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың 80% - жергілікті тұрғындар. Бірінші қыркүйектен бастап олар бұрынғы еңбекақысынан 30% көп алатын болады."Shymkent Temir" ЖШС зауыты - болат блюм шығаратын қазақстандық кəсіпорын. Мұнда жартылай дайын өнімдер 40 тонналық индукциялық пештерде, болатты пештен тыс өңдеу құрылғысында жəне үш ағынды үздіксіз құю машиналарында құйылады. Жоба Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
"Оңтүстік" индустриалды аймағында орналасқан кəсіпорынға əкімдік тарапынан 17 га жер учаскесі бөлінген. Жобаға 5,94 млрд теңге инвестиция тартылған.Кəсіпорынның жобалық қуаты - жылына 300 мың тонна құйма түріндегі болат блюм шығару. Олар əрі қарай металлургияның кез келген өнімдерін: арматура, металл құрылымдар жəне түрлі металл бөлшектер жасауға дайын. Мұнда шығарылған өнім 100% жақын шетелге (Өзбекстан, Орталық Азия) экспортқа шығарылады.
Зауыт аумағында тұйықталған теміржол бар, газ құбыры, электр желісі мен су құбыры тартылған. Осылайша өндіріс алаңында жобаның толық жүзеге асырылуына бар жағдай жасалған. Айта кетейік, "Shymkent Temir" ЖШС-де қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында үнемі жұмыс атқарылады. Кəсіпорын басшылығы зауытқа шетелден тəжірибелі мамандарды тұрақты түрде шақырып, олар зауыт персоналын оқытады жəне шеберлік сабағын өтіп тұрады.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»