Сенбі, 21 Шілде 2018 10:38

Шымкентте бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жоспарлануда

Шымкент қаласында жасанды интеллекті бар бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру жоспарлануда. Қазіргі таңда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында мегаполисте бейне-бақылау камераларының саны 479-ға дейін артып, интеллектуалды қиылыстар 21-ге дейін ұлғайтылды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, бұл жұмыстар қала көшелерінде жасалған қылмыстың деңгейін шамамен 17% -ға төмендетуге мүмкіндік беруде. Қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан әлеуетті жеткізушілермен нейрондық желілер мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бірыңғай бейнебақылау жүйесін құру туралы келіссөздер жүргізілуде. Жаңа оқу жылының басында қаладағы криминогендік ахуалы өзекті болып табылатын 30 аумақты қамтыған «Сергек» бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.

Бір айта кетерлігі, мамандар осы жобалардың барлығы толық жүзеге асқанда қаладағы қылмыс санын 30% дейін төмендетуге қол жеткізуге болатындығын айтуда. негізінде, бұл жоба бұған дейін мегаполис болып табылатын елордамыз Астанада жүзеге асырылған-ды.

 «AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 10638 рет