Бейсенбі, 26 Шілде 2018 11:31

Шымкенттіктер паспорт пен жеке куәлікті бір жұмыс күнінде ала алады

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында тiркелген күннен бастап бiр жұмыс күнiне, облыс орталықтарында - үш жұмыс күнiне, облыстар мен аудандарда - жетi жұмыс күніне дейiн жеделдетiлген түрде берiледi.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №451 қаулысында көрсетілген. Онда былай делінеді:

«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу, беру, ауыстыру, қайтарып алу және жою ережесінде, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның анықтамасы және аталған қаулымен бекітілген босқын куәлігі: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жеке тұлғаның өтініші бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның анықтамасы тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіпте беріледі.

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында тiркелген күннен бастап бiр жұмыс күнiне, облыс орталықтарында - үш жұмыс күнiне, облыстар мен аудандарда - жетi жұмыс күніне дейiн жеделдетiлген түрде берiледi».

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 6991 рет