Жексенбі, 29 Шілде 2018 18:54

Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті қандай?

Сонымен, Шымкенттің республикалық қала деңгейіндегі 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті қалыптасты

Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті екіге бөлінді. Бюджеттің кірістері мен шығыстары 7 айға жоспарланып, қалған айдағы жоспарлы қаржылары қысқартылды. Нәтижесінде 1 қаңтар мен 17 шілде аралығындағы бюджет 92 миллиардтеңгені құрады.

Сонымен қатар республикалық қала деңгейіндегі 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті қалыптасты. 17шілдеден жыл соңына дейінгі бюджеттің екінші бөлігі 50 миллиардтеңгені құрайтын болды. Мұнан өзге сессияда депутаттар жаңадан құрылған 8 басқарманың қызметін қамтамасыз етуге қажетті қаржыларды бөлді.

Депутаттар кезектен тыс 35-сессия барысында «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесін құруға келесімдерін берді. Кәсіпкерлерді қолдау аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 300 миллионтеңге бөлуді бірауыздан қолдады.

Еске салайық, қала бюд­жетінің кірістері 72,1 миллиард теңге, ал субвенция 13,4 миллиард теңге көлемінде болады деп бол­жанып отыр. Алдын ала есептеулерге сәй­кес, Шымкент қаласының жер­гілікті бюджеті 2025 жылға дейін субвенциялық болып қала береді. Ал қала әкімдігіндегі қызметкерлерге қатысты штаттар229 бірлікке өспек.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1281 рет