Жалпы, мал байлайтын орындарды соғу екі кезеңде іске аспақ. Атап айтқанда, 1500 басқа арналған алаңдар биыл іске қосылса, 2019 жылы қосымша 1500 басқа арналған алаңдардың құрылысын жүргізу межеленген. Нәтижесінде шаруа қожалығы жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал еті өңдірілмек. Жобаның жалпы құны 900 млн. теңгені құрайды. Аталған жоба толығымен іске қосылған жағдайда 30 адамға жұмыс орны ашылатын болады. Бұдан өзгеаудандағы мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін диқандардың өнімдеріне сұраныс арта түспек.
Қазіргі таңда аудан аумағында 268 мал бордақылау алаңшаларында 2200-ден астам жылқы мен 2 мыңдай ірі қара мал бордақылануда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.