Шымкентте алаяқтық пен жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары күшейтілген
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлермен арнайы кездесу өткізіп, аудан көлемінде бой көтеріп жатқан өндірістік алаңдардың жобаларымен таныстырды. Жиын барысында әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге ұсынылып жатқан қолдаулар мен артықшылықтар кеңінен түсіндірілді.
Бүгінгі ұрпақ үшін қазақ журналистикасы мен баспа саласының көрнекті өкілі болып саналатын, қаламы ұшқыр, шешен тілді Төрегелді Байтасовты туғанына 70 жыл толуына орай еске алуға арналған әдеби‑мәдени іс-шаралар Шымкент қаласында «Тұлпар текті Төрегелді» деген атпен өтті.
Шымкент қалалық Опера және балет театрында Асель Қожанованың жеке шығармашылық кеші өтті. Халықаралық байқаулардың лауреаты 17 ария орындап, жанды дауыста ән салды.
Шымкент қаласындағы Достық үйінде Шешен-ингуш мәдени орталығы «Вайнахтың» ұйымдастыруымен ерекше рухани мәнге ие «Вайнах әйелдері, тілі және мәдениеті күні» атты мерекелік іс-шара өтті.
Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына және 19 қазан – Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Екі күн алдын Шымкент қаласында басталған пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары бүгін салтанатты түрде марапатталды. Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті.
Сауран ауданында шағын кәсіпорындар саны артып келеді. 2024-2026 жылдар аралығында ауданның бірнеше ауыл округтерінде өндіріс аймақтары құрылуда. Бірінші кезеңде Қарашық, Иассы, Жүйнек, Шорнақ және Үшқайық ауыл округтерінен 55 гектар жер бөлініп, 5 өндіріс алаңы құрылды. Осы алаңдарға 115 цех салу жоспарланып отыр.
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Әзірбайжан этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» атты мерекелік іс-шара өтті.
Әйел кәсіпкерлердің ІІІ Өңірлік бизнес-форумы Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің құрылғанына 10 жыл толуына арналып отыр.