Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Шараның орны – жеңіл өнеркәсіп және сервис саласында кадрлар даярлайтын жетекші оқу орны – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі.

Түркістан облысы көшет өндіруден елімізде көш басында

Түркістан облысында орман қоры ұлғайып келеді. Қазіргі таңда өңірде 3 млн 472 мың гектарды құрайтын мемлекеттік орман қор жері бар, бұл облыс аумағының 30 пайызын құрайды. Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумақтарында 2 млрд. ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2021-2027 жылдар аралығына кешенді жоспар әзірленіп, 110,2 мың га жерге 170 млн көшет егу жоспарланған.

Өзбек этносы күні Шымкентте аталып өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» кең көлемде аталып өтті. Бұл мерекелік іс-шара еліміздегі өзбек этномәдени бірлестіктерінің құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келіп, қос мерекенің қуанышын еселей түсті.

Тазалық күнінің қорытындысы: Шымкентте жүздеген тонна қоқыс шығарылды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында кең ауқымды экологиялық акция өтті. Бұл бастама қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатты аялауға үндеуге бағытталған.

Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор

Бүгін Шымкент қаласында «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шымкент: Абай ауданында абаттандыру мен көгалдандыру шаралары басты назарда

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі – Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы 6 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. 

Шымкенттегі Арғымақ шағын ауданындағы мәселелер кезең-кезеңімен шешілмек

Тұран ауданына қарасты Арғымақ шағын ауданында тұрғындардың көтерген бірқатар өзекті мәселелері назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда әкімдік тарапынан әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым мәселелерін шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.