Шымкент: Конституция күніне арналған мерекелік жиын өтті
Шымкент қаласының прокуратурасы ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өткізді. Құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің басқарма өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары қатысқан жиында бірқатар азаматтар марапатталып, патриоттық әндер шырқалды.