Түркістан: Бәйдібек ауданы әкімі тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

Бекітілген кестеге сай, аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.

Түркістан: Орман шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелердің өзекті мәселелерін талдау бойынша кезекті мәжіліс өткізіп, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк басшысының, Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесінің, Шардара ауданындағы «Орман және жануарлар әлемін қорғау» мекеме басшыларының есебін тыңдады.

Түркістан: Бәйдібектегі "Тау шыңы" лагерінің үшінші маусымы басталды

Бәйдібек ауданы Білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Тау шыңы» балалар жазғы демалыс лагерінде үшінші маусымның басталуы мен жаңа модельді жатақхана үйлерінің ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Түркістан: Шардарада "Қоғамға қызмет ету күні" өтті

2025–2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында өткізілетін апталық іс-шаралар шеңберінде «Қоғамға қызмет ету күні» өткізілді.

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты

Жыл басынан бері Түркістан облысының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қысқа мерзімді экономикалық өсім 120,4%-ды құрады. Осылайша, 2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша Түркістан өңірі қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткішімен ел бойынша көш бастады.