Түркістан облысы мен Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық келісімге қол қойылды

Астана қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы аясында Түркістан облысы мен қытайлық компаниялар арасында жалпы 5 ірі жобаны жүзеге асыру бойынша меморандум жасалды. Сонымен қатар Түркістан облысы мен Қытайдың Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық келісімі орнады.

Түркістан: Пробация есебіндегі азаматтарды өмірге қайта бейімдеуге күш салынуда

Түркістан өңірінде пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды қайта өмірге бейімдеу, әлеуметтендіру және жұмыспен қамту шаралары тиісті деңгейде атқарылуда. Бүгін облыстық прокуратура ғимаратында пробация есебіндегі жаза өтеушілердің қайта қылмыс жасауына жол бермеу мен алдын алу, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері қаралды. Мәжіліс облыс прокурорының бірінші орынбасары Данияр Сыздықов төрағалығымен өтті.

Түркістан: Төлебиде жылына 90 мың дана жұмыс киімін тігетін фабрика іске қосылады

Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың 5 айында 53,1 млрд теңгеге жетті. Оның 57,2 пайызы - өнеркәсіп, 21,9 пайызы - ауыл шаруашылығы, 18,7 пайызы - сауда және 2,2 пайызы - құрылыс саласына тиеселі. Бұл туралы брифингте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов мәлімдеді.

Түркістан: Арыста биыл 26 инвестициялық жоба қолға алынған

Арыс қаласында инвесторларды тарту арқылы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолға қойылған. Биылғы жылы жалпы құны 29,5 млрд теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобаны қолға алып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Түркістан: Ағын су мәселесі Отырар ауданы әкімінің бақылауында

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы ағын су мәселесі бойынша каналдарды аралап, шаруалармен жүздесті. Бұған дейін Қоғам, Қарғалы елдімекендерінің диқандары егістікке алғашқы су алу кезеңінде ағын су берілмей жатқанын айтып, осы мәселені шешіп беруін сұраған болатын.

Түркістан: қала экономикасының дамуы мен бюджет кірісінің артуына септігі тиетін құрылыс жобаларының жайы талқыланды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске қала әкімінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Байдулла Оразбеков, сондай-ақ Түркістан қаласы мен облысының жауапты басқарма, бөлім басшылары, сәулетшілер, жобалаушы ұйымдар мен инвесторлар қатысты.

Түркістан: Шардарада бірқатар құрылыс және инфрақұрылымдық жобалар қолға алынған

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Шардара ауданына арнайы іссапармен келіп, ауданда жүзеге асырылып жатқан бірқатар құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты.