Инвесторлар мен құрылыс мамандары Түркістанда жүзеге асырылатын жобалардың сәулетін таныстырды

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында әлеуметтік және коммерциялық нысандар қала сәулетіне сай бой көтереді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен штаб отырысында бірқатар жобалар қаралып, ғимараттардың сәулеттік үлгілері ұсынылды.

Ордабасы ауданында күрес спортын дамытуға арналған келелі жиын өтті

Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылындағы «Темірлан» спорт кешенінде аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нуриддин Асанбаевтың төрағалығымен маңызды жиын өтті.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары сарағаштықтармен кездесті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Келес және Сарыағаш аудандарына іссапармен барды. Медицина, білім және әлеуметтік нысандарды аралап, бүгінгі жай-күйін бақылады. Жергілікті тұрғындармен және жауапты сала өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Түркістан: Қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу жоспарда бар

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шара жоспары бойынша бекітілген жарлығына сәйкес Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген.

Отырар ауданында Қызмет алушылар күні» өтті

Отырар ауданында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша азаматтарды тіркеу тұрғылықты жері бойынша және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу және ұзарту, кетуге құжаттарды рәсімдеу қызметтері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Түркістан: Созақ ауданы басшысы ішкі көшелердегі құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылында атқарылып жатқан абаттандыру және құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ішкі көшелерді кешенді дамыту бағытындағы жұмыстардың сапасын бақылауға алып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдымен С. Қожанов және Жібек жолы көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолдары, көше жарықшамдары, жол жиегіне қойылып жатқан тастар (бордюрлер) мен бетоннан құйылған арықтарды (латок) жаңарту жұмыстарының жай-күйін көріп шықты.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы мәдениет саласының маңызды нысандарының бірі — жаңадан бой көтеріп жатқан аудандық кітапхана ғимаратының құрылыс барысымен танысты.

Сапар барысында Жеткіншек мөлтек ауданында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілігімен салынып жатқан 2 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысын көрді. Бұл үйлерде барлығы 16 пәтер орналаспақ. Сондай-ақ, әрқайсысында 8 пәтерден тұратын тағы 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аудан басшысы осы құрылыс алаңдарында да болып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасына қатысты қатаң талаптарды сақтауды тапсырды.

«Жасыл белдеу» аумағында егілген көшеттердің күтімі мен сақталуы да назарға алынды.

Айта кетейік, С. Қожанов көшесінде – Шымкент бағытындағы кіреберіс Ерімбетов көшесінен бастап, «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейінгі 7 шақырымдық аумақта үлкен жолдың екі жағынан аяқ жол салынуда. Бұл аймаққа:

• 235 дана жарықшам,

• 4 аялдама,

• 60 қоқыс жәшігі мен орындықтар орнатылатын болады.

Оған қоса, үлкен жол бойына 352 дана көше жарықшамдары орнатылып, көшенің көркем келбетіне ерекше көңіл бөлінуде.

Жібек жолы көшесіне келер болсақ, Түркістан бағытындағы айналма жолдан «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейінгі 6 шақырымдық аумақта екі жақты аяқ жол салынуда. Сонымен бірге:

• 2,5 шақырым латоктар жаңартылады;

• Ш. Оқшиев көшесінен бастап айналма жолға дейін 1,5 шақырымдық велосипед жолы салынады;

• Көше бойына жарықшамдар, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылады.

Бұл жұмыстар Шолаққорған ауылының инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Сауран ауданы: ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жыл сайынғы дәстүрге сай ауыл тұрғындарымен кездесуін жалғастыруда. І жартыжылдықтың есебін беру мақсатында ол Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға ауылдық округ әкімі Тайыр Абдиев, аудандық бөлім басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты.