Түркістан қаласында «Бірлік – болашақтың кепілі» атты мерекелік шара өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік – болашақтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау және азаматтық бірегейлікті дамыту мақсатында өткізілді.Салтанатты жиын этномәдени бірлестіктердің көрмесінен басталды.

Түркістанда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыға түсті

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының штаб отырысы өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ертай Алтаев ашып, жүргізді. Отырыс барысында балалардың психологиялық жағдайын тұрақтандыру, олардың қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету және тәуекел тобындағы отбасылармен жұмысты жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Жетісай ауданында жаңа өндіріс орындары ашылып, 1200 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында Жетісай ауданында инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі, қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бұл бағытта арнайы индустриялды аймақ құрылып, өндірістік парк ашу ісі қолға алынған.

Түркістан облысында жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысы қатаң бақылауға алынған

Түркістан облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын 221 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде 75-і келісімшарт негізінде, ал 146-сы лицензия негізінде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрғағалығымен өткен жиында айтылды. Сонымен қатар өңірдегі заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және анықталған «қызыл нүктелер» жайы талқыланды.

Түркістан облысында «Күміс жас» жобасы аясындағы жұмыстар жүйелі

Түркістан облысында зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. 2023-2025 жылдар аралығында жобаға жолданған азаматтардың ішінен 4688 адам 2026 жылы да қызметін жалғастыруда. Бұл көрсеткіш аталған бағдарламаның тиімділігін айқын көрсетеді. Ал 2026 жылға белгіленген жоспар бойынша 1100 азаматты жұмыспен қамту көзделген болатын. Бүгінгі таңда бұл жоспар толықтай орындалып отыр. Аталған жоба еңбек нарығында тәжірибесі мол азаматтарды қолдауға, олардың тұрақты табыс табуына және әлеуметтік белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында құны 1 млрд теңгені құрайтын өсімдік майын өндіретін жаңа зауыт іске қосылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінде орналасқан индустриялық аймақта «Альбарака 077» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өсімдік майын өндіру зауыты салтанатты түрде ашылып, кәсіпорын жұмысын бастады. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысты.

Түркістанда «TURAN DANCE» республикалық би байқауы бастау алды

Облыс орталығында Халықаралық бишілер күніне орай «TURAN DANCE» республикалық би байқауы басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен бөлек, өзге де мемлекеттерден келген кәсіби би ұжымдары «халық биі» жанры бойынша өз өнерлерін ұсынды. Іс-шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде өңірде мәдениет саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Отырар ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің дәстүрлі 63-ші турнирі өтіп жатыр

Отырар ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 63-ші дәстүрлі турнирдің ашылу салтанаты өтті. Шәуілдір ауылындағы «Оқсыз» спорт кешенінде басталған биылғы турнирдің өзіндік ерекшелігі бар. Биылғы айтулы додаға облыстың аудан-қалаларынан келген 100-ден астам балуан 60, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтап, боз кілемде бақ сынауда.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірде кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуына бақылау күшейтілді

Түркістан облысында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған күшейтілген мониторинг және кешенді тексерулер жүргізілуде. Аталған жұмыстарға Балалар құқығын қорғау басқармасы, прокуратура және ішкі істер органдары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар тартылған.