Түркістан облысы: Мақтааралда бетон зауыты айына 30 миллион теңгенің өнімін өндіріп жатыр

2009 жылы Шымкент қаласында негізі қаланған «Ғибрат Құрылыс» ЖШС биыл Мақтааралда қайта тіркеуден өткен. Шолпан Дүйсенбина басшылық ететін кәсіпорын Мақтааралда ПУИД-2 жобасы аясында жалпы жобалық құны 115 миллион теңгенің тапсырысын қабылдап, ағын су жүйелерін салу мен оларға қажетті өнімдер шығару, каналдарды тазартудан бөлек газ желілеріне және түрлі мекемелер мен жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша темір-бетондар жасауда. 

Осы RSS каналға жазылу