«Түркияның «Умман» фирмасының зауытында шығарылған алып қондырғы сағатына 60 текшеметр дайын бетон шығаруға қауқарлы. Сол қондырғының арқасында біз 4 түрлі өнім шығара аламыз. Өзімізге қажетті шикізаттардың барлығын да Шымкенттен алдырамыз. Себебі жеткізушілерімізбен талай жылдан бері жұмыс істесіп келе жатқандықтан, олар бізге тек сапалы өнім жіберуде», – деді кәсіпорынның инженер-технологы Әбдірахман Қарабеков.
57 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында орташа жалақы 130 мың теңгені құрайды. Жұмысшылар ыстық тамақпен, жатын орынмен толық қамтылған. Ай сайын орта есеппен 30 миллион теңгенің өнімін шығаратын кәсіпорын басшылығы сұраныс пен ұсынысқа қарай өнім көлемін арттыруға қауқарлы екендіктерін жеткізді.
Айта кетейік, мұнан бөлек Мақтаарал ауданының индустриялық аймағында 2018 жылы қондырғыларының барлық функциясы бір тетіктен басқарылатын «Sоldatos» асфальт-бетон зауыты іске қосылған болатын. Грекия мемлекетінің инвестициясы арқасында Алзақ Шынтаевтың басшылығындағы өндіріс орны тәулігіне 1000 тонна асфальт-бетон өнімдерін өндіре алады. Құны 300 миллион теңгені құрайтын зауыт 30 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.