Ордабасы ауданы: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 10 мыңнан астам ағаш егілді
Бүгін экологиялық мәдениетті дамытуға және табиғатты көркейтуге бағытталған кең ауқымды ағаш отырғызу акциясы Ордабасы ауданының орталығымен қатар барлық ауыл округтерінде жалғасын тауып, тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.