Super User

Super User

Шымкент: Этностар достығы мен рухани мұраны ұлықтаған мерекелік жиын өтті

Шымкент қаласындағы Достық үйінде Шешен-ингуш мәдени орталығы «Вайнахтың» ұйымдастыруымен ерекше рухани мәнге ие «Вайнах әйелдері, тілі және мәдениеті күні» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шымкент: Қос алыпқа арналған жиын өтті

Шымкент қаласында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Қазақ руханиятының қос алыбы» атты оқырман конференциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттап, олардың ұлттық рухты оятудағы рөлін көрсету, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды. 

Шымкентте Иран тауар өндірушілерінің III сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтті

Қаладағы халықаралық Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының III сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтті. Оған Иран елінің 20-дан астам кәсіпорын өкілдері келген. Негізінен, құрылыс саласы, ауылшаруашылығы, инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттағы жетекші ирандық компаниялар өз өнімдерін ұсынды. Іс-шара 12-15 қазан күндері аралығына жоспарланған болатын.

Республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті

 

Екі күн алдын Шымкент қаласында басталған пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары бүгін салтанатты түрде марапатталды. Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті.

Осы RSS каналға жазылу