Super User

Super User

Шымкентте бюджеттің өз кірістерін арттыру мәселелері талқыланды

Мемлекет Басшысының өңірлердің өз кірісін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың, мемлекеттік органдар мен тиісті құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен арнайы кеңес өтті. Жиында жергілікті бюджеттің табыс базасын кеңейту және қосымша кіріс көздерін анықтау мәселелері талқыланды.

Шымкенттің опера жұлдызы халықаралық байқауда топ жарды

Шымкент қаласының опера және балет театры үшін бүгін – тарихи күн. Театрдың дарынды солисі Жадыра Абдуллаева Жапонияның Нагасаки қаласында өткен VI халықаралық «Madama Butterfly» опера әншілері байқауында І орынды иеленіп, ел мерейін үстем етті.

Қажымұқан атындағы стадион жаңа келбетке ие болады

Жыл басында «Ордабасы» футбол клубының демеушілігімен стадиондағы табиғи газон толықтай ауыстырылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұл жұмыстарды тәжірибелі компания жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны – 78 млн теңге, оның ішінде газонды ауыстыруға – 54 млн теңге, ал суару жүйесіне – 24 млн теңге жұмсалды. Бұған қоса, жүгіру жолақтары халықаралық стандарттарға сай қайта жабдықталып, көк түсті сапалы тартан жабыны төселді. 8 жолақ қарастырылған жаңа алаңды жабдықтау 380 млн теңгеге түсіп, ол да демеушілердің қолдауымен іске асырылды.

Шымкентте жол сапасы мен әуе қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асуда

Шымкент қаласында жолдардың сақталуы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауыр жүк көліктерін бақылайтын автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Жобаға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, алғашқы үш станция биыл іске қосылды.

Осы RSS каналға жазылу