Super User

Super User

Шымкентте бокстан әлем чемпиондарын салтанатты түрде қарсы алды

Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында жеңіске жеткен Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханды бүгін Шымкент қаласының халықаралық әуежайында зор құрметпен күтіп алу іс-шарасы өтті. Қос чемпионды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, спорт мектебі басшылары мен жаттықтырушылар, жерлестері, жанкүйерлері және туған-туыстары қарсы алды.

Шымкентте өнегелі әулеттер марапатталды

Шаңырақ астындағы береке. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында қаладағы «Достық үйінде» «Отбасы күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өнегелі әулеттер марапатталды.

Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады

«Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы қажет», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында.

Шымкентте қос бірдей нысанның ашылуы өтті

Шымкент қаласында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың пікір алмасуына арналған жаңа комьюнити-орталық өз жұмысын бастады. Бұл орталық «Достық үйінде» орналасқан және бұрын жертөле ретінде пайдаланылған кеңістік заманауи талаптарға сай бейімделіп, жастар үшін тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін заманауи алаңға айналды. Орталықта жарықтандыру және желдету жүйелері жоғары деңгейде орнатылған, бір уақытта 200-ге жуық жасқа қызмет көрсету мүмкіндігі бар.

Осы RSS каналға жазылу