Түркістан облысында ауыз сумен қамту мәселесі қатаң бақылауда
Түркістан облысында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі – өңір басшылығының күн тәртібіндегі басты басымдықтардың бірі. Өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қатаң бақылауда.