Шымкенттік зейнеткерлер театрларға жеңілдікпен бара алады
Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты барлық өнер ордалары аталған шешімді жүзеге асыруға белсенді қатысып, арнайы жеңілдіктер жүйесін енгізді.
Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты барлық өнер ордалары аталған шешімді жүзеге асыруға белсенді қатысып, арнайы жеңілдіктер жүйесін енгізді.
Бүгінгі цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы қоғамға үлкен мүмкіндіктер сыйлағанымен, сонымен қатар жаңа қауіптерді де тудырып отыр. Қазіргі таңда алаяқтық іс-әрекетпен күнделікті кездесіп қалып жатамыз. Ал, сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік құрылымдар мен қаржы секторына бағытталған кибершабуылдар жылдан-жылға артып келеді. Зиянкестер жасанды интеллектіні пайдалана отырып, шабуылдарын автоматтандырып, ауқымын кеңейте бастаған. Сондықтан киберқауіпсіздікке кешенді әрі жүйелі түрде қарау – уақыт талабы.
«Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы – әкімдік өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және білім беру ұйымдарында орналастырады.
Осыған орай, Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы 14 шілдедегі №39-ө өкімімен арнайы комиссия құрылып, 15 шілдеде бакалавриаттың 25 білім беру бағдарламасы бойынша 285 грант бөлінді.
Конкурсқа барлығы 10 жоғары оқу орны өтінім беріп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес өткізілген конкурс нәтижесінде және комиссияның 12 тамыздағы шешімі негізінде бөлінген орындар 6 ЖОО-на орналастырылды. Оның ішінде 3 университет Шымкент қаласында, 3 университет Алматы қаласында орналасқан.
Грант бөлінген жоғары оқу орындары:
1. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – 226 орын;
2. Ө.Жәнібеков атындағы педагогикалық университет – 20 орын;
3. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы – 1 орын;
4. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – 23 орын;
5. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – 10 орын;
6. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті – 5 орын.
Комиссия шешімімен 14–20 тамыз аралығы талапкерлердің таңдаған жоғары оқу орындарына әкімдік грантына құжат тапсыру мерзімі ретінде белгіленді. Өтініш қабылдау туралы хабарландыру қалалық білім басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды. Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының жауапты қызметкерлері талапкерлерге қажетті кеңестер берді.
Әкімдік грантын иелену үшін тапсырылатын құжаттар:
• ректор атына өтініш;
• білім туралы құжат (түпнұсқа);
• жеке куәлік көшірмесі;
• 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
• 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
• ҰБТ сертификаты;
• ведомостан үзінді (арнаулы/шығармашылық болған жағдайда);
• білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік (бар болса);
Шымкент қаласында 2025–2026 оқу жылы 305 мектепте 271 600 оқушымен басталады. Оның ішінде 164 мемлекеттік және 141 жекеменшік білім беру ұйымы жаңа оқу жылына кіріседі.